Д.Трамп АҚШ-Ресей-Украина саммитін өткізбек
Президент Дональд Трамп үшжақты, яғни АҚШ-Ресей-Украина саммитін өткізуге ниетті.
Мұны Ақ үй басшысы Daily Caller басылымына берген сұхбатында айтты. Оның сөзіне қарағанда, Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің өздері кездесуі екіталай. Алайда үшеуі міндетті түрде бас қосатынына сенімді. Екі апта бұрын Президент Трамп Ресей-Украина мәселесіне біраз уақыт араласпайтынын мәлімдеген еді. Бірақ Украинада бейбітшілік орнамаса, Вашингтон мәселеге қатысты саясатын өзгертеді. Алайда нақты қандай қадамдар жасалатынын ашып айтпады.