Пәкістанда тасқыннан 2 млн адам эвакуацияланды

Пәкістанның солтүстік-батысында алапат тасқыннан 2 млн адам эвакуацияланды.

Олардың дені Пенджаб провинциясынан. Тұрғындар мектептер мен әскери нысандарға орналастырылды. Құтқару жұмыстарына жүздеген әскери қызметкер жұмылдырылған. Аймақта жауын-шашын бірнеше күннен бері толастар емес. Соның салдарынан 3 бірдей өзен арнасынан асып, елді мекендерді су шайып кетті. Табиғи апаттан 17 адам опат болды. Ал маусым айының соңында басталған муссондық жауын кезінде барлығы 580 адам көз жұмды. Тағы мыңдағаны ауыр жарақат алды. Билік өкілдерінің айтуына қарғанда, мұндай тасқын кейінгі 40 жылда болмаған.