850 мың сириялық босқын еліне оралды

Сирияда Асад режимі құлағаннан кейін 850 мың босқын еліне оралды.

БҰҰ өкілдері алдағы апталарда олардың саны миллионға жетуі мүмкін деп отыр. Шам елінде азаматтық соғыс 2011 жылы басталып, былтыр аяқталды. Қарулы қақтығыстан 5 млн-нан астам сириялық қаза тапты. Тағы осынша тұрғын шетелге босып кетті. Бүгінде сириялық босқындардың көбі Түркия, Иран, Ливан сияқты көрші елдерде шоғырланған.