Пәкістанда өзін жарып жіберген лаңкестің әрекетінен 15 адам қаза тапты
Пәкістанның Кветта қаласында болған лаңкестік әрекеттен 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.
Тағы 31 адам жараланды. Ауруханаға жеткізілгендердің халі ауыр. Теракт жергілікті Белуджистан ұлттық партиясының жиыны кезінде болды. Іс-шара өтіп жатқан стадион жанында бір содыр өзін жарып жіберген. Шабуылды әзірге ешбір лаңкестік ұйым мойнына алған жоқ.