Йемендік хуситтер Тель-Авивті атқылады

Йемендегі хуситтер Израильдің Тель-Авив қаласын 2 баллистикалық зымыранмен атқылады, деп хабарлайды 24kz.

Қозғалыс өкілі: «Бұл әрекет еврей елі әскерінің Сана қаласына жасаған шабуылына жауап», - деп мәлімдеді. Айтуынша, зымырандар нысанаға тиіп, Бен-Гурион әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылған. Тель-Авив пен бірқатар өңірде дабыл қағылып, халық эвакуацияланды.