Әлеуметтік желіде алаяқтар көбейді

Бағдарламамызды одан әрі әлемдегі әлеуметтік желі алаяқтығы ақпаратымен жалғайық.

Жаһанда әлеуметтік желісі арқылы жалған парақша ашып, өзін мемлекеттік қызметкер ретінде таныстыратын алаяқтар көбейген. Америкалық Meta компаниясының қызметі Сингапурда сынға ұшырап жатыр. Әсіресе, Facebook әлеуметтік желісі алдап соғарларға тұнып тұр. Жергілікті полиция дерегі бойынша, биылғы жылдың алғашқы жартысында осындай мыңнан аса дерек тіркелген. Былтыр көрсеткіш 589 болса, биыл үш есе артқан. Олардан келген шығын көлемі кейінгі бір жылда 88 пайызға өсіпті. Әсіресе, онлайн сауда жасау кезінде алданып қалғандар көп. Осыған қатысты билік бірлестіктен бақылауды күшейтуді талап етті. Тиісті шаралар қабылданбаса 775 мың доллар айыппұл салынбақ. Meta болса жалған парақшаларды анықтауға арналған арнайы жүйе барын айтып ақталуда.

Meta компаниясына сын айтушы жалғыз Сингапур емес. Биыл мамыр айында The Wall Street Journal тергеу жүргізіп, компанияға тиесілі платформаларда алаяқтық деректері көп тіркелгенін анықтады. 2023-2024 жылдары JPMorgan Chase банкі арқылы Zelle жүйесіндегі барлық алаяқтық деректердің 50%-ы Meta платформаларымен байланысты болған.