Әлемді обыр жайлап барады

2022 жылы 20 миллионнан астам адамның диагнозы расталып,  9 миллионнан аса науқас қайтыс болды, деп хабарлайды 24kz.

Ал 2050 жылға қарай 20 миллион емес, әлемде қатерлі ісікке шалдыққандардың саны 35 миллионға дейін жетуі мүмкін. Бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы. Кейінгі дерек бойынша онкология Қытайда көп. Онда 5 миллионға жуық адам дертке шалдыққан. АҚШ пен Үндістан да тізім басында. Америкада 2 миллион 400 мыңдай, үнді елінде 1,5 милионға жуықтаған. Ал халық санына шаққанда қатерлі ісік ең көп таралған елдер Австралия мен Жаңа Зеландия. Дамушы мемлекеттерде көрсеткіш төмен. Бірақ сарапшылар бұл дерек толыққанды еместігін айтады. Өйткені көбінде диагностика мен тіркеу жүйесі дұрыс емес.