АҚШ-та жұмыс нарығы әлсіреді

АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі 4,3%-ға өсті. Бұл кейінгі төрт жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Тамыз айында 22 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Сарапшылар мұны президент Дональд Трамптың импорттық тарифтері мен көші-қон шектеулерінен көреді. Елдегі әлсіз еңбек нарығы Федералдық резерв жүйесіне қысым түсіріп отыр. Қаржы мамандары биыл мөлшерлеме тағы екі рет төмендейді деп болжайды. Мұндай шешімдер тұтынушылық несие мен тұрғын үй ипотекасын арзандатқанымен, доллардың әлсіреуіне ықпал етуі мүмкін. Сондықтан әлемдік нарықтар Федералдық Резерв Жүйесінің келесі қадамын жіті бақылап отыр.