Газа тұрғындары жаппай эвакуацияланды
Таяу Шығыста ахуал шиеленісіп тұр. Израиль әскері Газадағы тұрғындарға қаланы тастап, оңтүстіктегі Хан-Юнис аймағына көшуге шақырды.
Тель-Авив аталған аумақты гуманитарлық аймақ ретінде белгіледі. Онда уақытша медицина орталықтары мен ауызсу жүйелері орнатылады. Бұл шаралар бейбіт халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Израиль билігі қала ХАМАС қозғалысының негізгі тірегі екенін айтып, оны басып алуды басты мақсат санайды.