БАӘ Газа секторына 100 жүк көлігін жіберді

Біріккен Араб Әмірліктері Газа секторына 2400 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті.

100 жүк көлігі Рафах бақылау-өткізу пункті арқылы бір апта ішінде жетті. Әмірліктер тиеген жүкте азық-түлік, дәрі-дәрмек және уақытша баспана салуға арналған құрылыс материалдары бар. Соңғы тәулікте секторда аштықтан тағы 6 адам көз жұмды. Жалпы қаза тапқандар саны 382-ге жеткен, оның 135-і балалар. Израиль көмек көптеп жеткізілуі үшін күн сайын 10 сағаттық үзіліс жасап, соғыс әрекеттерін уақытша тоқтататынын хабарлады.