Трамп Google арқалаған айыппұлға наразы
АҚШ президенті Дональд Трамп Еуроодаққа шара қолданатынын мәлімдеді.
Бұған себеп – одақтың Google компаниясына салған 2,95 млрд еуро көлеміндегі айыппұлы. Трамп бұл шешімнің «әділетсіз» екенін айтып, Сауда туралы заңға сәйкес тергеу бастайтынын мәлімдеді. Еске сала кетейік, 5 қыркүйекте Еуропалық комиссия Google-ды жарнама алмасу құралы арқылы нарықтағы үстемдігін пайдаланды деп танып, бәсекелестеріне зиян келтіргені үшін айыппұл салған еді. Бұл – Еуроодақтың америкалық ІТ-алыпқа қарсы қолданған төртінші ірі қаржылық жазасы.