Еуроодақта халық саны еселеп артты
Еуроодақта халық саны рекордтық деңгейге жетті. Еуростат мәліметіне қарағанда аймақта шамамен 450,4 миллион адам тұрады.
Бірақ халық санының өсуі табиғи жолмен емес, көші-қон есебінен. Жалпы 2012 жылдан бері Еуроодақта жыл сайын дүниеге келетіндерден қайтыс болатындар саны көп. Тек былтырдың өзінде табиғи кему 1,3 миллион адам болды.
Ал көші-қон есебінен 2,3 миллион адам қосылды. Халық ең көп шоғырланған елдер – Германия, Франция,Испания және Италия. Бұл төрт мемлекетке одақ тұрғындарының шамамен 57%-ы тиесілі.