Әлемде алтын бағасы аспандап барады
Алтынның әлемдік нарықтағы бағасы рекордтық деңгейге жетті. Жыл басынан бері бағалы металдың ресми құны 33 пайызға өскен.
Унциясының 3 мың 550 доллардан асуына АҚШ валютасының әлсіреуі мен Федералдық резервтің пайыздық мөлшерлемені төмендету туралы шешімі себеп дейді сарапшылар. Америкада жұмыс орындарының азаюы да инвесторларды ақшасын алтынға салуға итермелеп отыр.