Түркия Парламентінің тарихи дамуы
Түркияда бір палаталы Парламенттік жүйе 1920 жылдан бастап жұмыс істейді. Тек 1961 жылы жаңа конституцияға сәйкес Парламент 20 жылдай екі палаталы болып қызмет атқарды. Ал 2017 жылы елде референдум өтіп, Президенттік басқару жүйесі енгізілді.
Түркияда Парламент бір палаталы. Ұлы Ұлттық Мәжіліс деп аталады. 2017 жылы референдумнан кейін Президенттік басқару жүйесі енгізілді. Бір палаталы Парламент болғанымен атқарушы билік Президентке тікелей бағынышты. Бұл шешім заң шығару процесін жылдамдатып, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуді көздейді.
Бір палаталы Парламент ел тарихында алғаш 1920 жылы құрылды. Сол кезде саяси билік шоғырланған, көппартиялық жүйе жоқ еді. Бұл жүйе 1946 жылы енгізіліп, бірақ Парламент бір палаталы қызметін жалғастырды. Ұлы Ұлттық Мәжіліс заң шығару функциясын толық атқарды.
1961 жылы жаңа конституция қабылданып, Парламент екі палаталы жүйеге ауысты: төменгі палата – Ұлы Ұлттық Мәжіліс, жоғарғы палата – Сенат. Бұл билікті тепе-теңдікке келтіру, заң шығару процесін бақылау және демократиялық принципті нығайту үшін жасалды.
Алайда 1980 жылғы әскери төңкерістен кейін Сенат тарады. 1982 жылы жаңа конституция бойынша қайтадан бір палаталы Парламент құрылды. Барлық заң шығару функциясы Ұлы Ұлттық Мәжіліске беріліп, билік орталықтандырылды.
Түркия тарихында Парламент тек 1961–1980 жылдары екі палаталы болды. Қалған кезеңде бір палаталы жүйе жұмыс істеді. Бұл заң шығару тиімділігі мен билік үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған таңдау.
Авторы: Әсия Нұрлыбаева