Қытай ғалымдары ақылды көзілдірік ойлап тапты

Бұл технология Берлинде өтіп жатқан әлемдік электроника көрмесінде көрсетілді. Көзілдірік жасанды интеллект пен виртуалды шындыққа негізделген.

Ол қоңырау қабылдайды, келген хабарламаларды оқып береді, сондай-ақ бірнеше тілде аударма жасайды. Сарапшылар бұл жаңалықты Қытайдың инновация саласындағы қарқынды дамуының айқын дәлелі деп бағалады.