Ауғанстан гуманитарлық апат алдында тұр

Ауғанстанның шығысында болған жойқын жер сілкінісінен 38 мың адам зардап шекті. Опат болғандар саны 1475-ке жетті, 2381 адам жараланған.

Бірқатар ауыл түгелдей қирап  қалды. БҰҰ гуманитарлық топтары зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіп жатыр. Ол үшін төтенше жағдайларға әрекет ету қоры 10 млн доллар бөлді.