Непалда үкіметке қарсы шеру кезінде 22 адам қаза тапты
Непалда үкіметке қарсы жаппай наразылық кезінде полиция шерушілерге оқ атты, деп хабарлайды 24kz.
Салдарынан 22 адам қаза тапты. Жараланғандардың саны 100-ден асып отыр. Ахуал ушыққан соң премьер-министр Шарма Оли отставкаға кетті. Ашуға мінген халық саясаткерлердің үйлерін өртеп жіберді. Оның ішінде президент Рам Чандра Паудель мен бұрынғы үкімет басшыларының резиденциялары бар. Ел астанасы мен бірнеше қалада коменданттық сағат енгізіліп, мектептер жабылды. Нәтижесінде билік наразылыққа себеп болған әлеуметтік желілерге тыйымды алып тастады.