Түркия президенті Қатар Әмірімен сөйлесті

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қатар Әмірі Шейх Тамим бин Хамад Әл Танимен телефон арқылы сөйлесті. Түркия көшбасшысы Израильдің Дохаға шабуылын айыптап, Қатар халқына қолдау көрсететінін мәлімдеді. Әңгіме барысында тараптар аймақтағы қауіпсіздік және тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Шабуылдың соңы дағдарысқа әкелуі мүмкін екенін айтып, оған қарсы бірлескен шара әзірлеу қажет екенін атап өтті. Тараптар Газадағы қантөгісті тезірек тоқтатып, бейбіт шешімге жету үшін бірлесіп жұмыс істеуге келісті.