Непалда коменданттық сағат ұзартылды

Непал астанасында комменданттық сағат тағы бір тәулікке ұзартылды, деп хабарлайды 24kz.

Тиісті шешімді ел армиясы қабылдады. «Осылайша, шаһардағы тыныштықты қалпына келтіремі», - деп отыр. Қазір шаһарды әскерилер күзетіп жүр. Непалда наразылық шаралары әлеуметтік желілерге тыйым салынғаннан кейін басталды. Полицейлер жұртты тарата алмаған соң күш қолданды. Бүлік кезінде 30 адам қаза тапты. Ел премьер-министрі қызметінен кетті. Билік көшеге шыққан шерушілерді сабырға шақырғанмен ашуға бұлыққан жастар президент резиденциясы мен парламент ғимаратын өртеп жіберді. Қазір жаңа премьер-министрді тағайындау бойынша келіссөз жүріп жатыр.