Латвия әуе кеңістігін жапты

Польша аумағына ресейлік дрондардың кіруі Латвияны да алаңдатып қойды, деп хабарлайды 24kz.

Сондықтан Рига Беларусь және Ресеймен шекарадағы әуе кеңістігін жаппақшы. Бұл шешім бүгін жергілікті уақытпен кешкі сағат 6-дан бастап күшіне енеді.

Елдің қорғаныс министрлігі: «Дәл қазір ешқандай қауіп жоқ», - дейді. Десе де, Латвия армиясы бес қаруын сайлап, сақадай-сай отырғанын мәлімдеді.