Польша шекарадағы әскерін күшейтеді
Польша Ресей мен Беларусь шекарасына 40 мың сарбазын орналастырады. Бұл туралы осы елдің Қорғаныс министрінің орынбасары Цезари Томчик хабарлады. Варшава барлық шекара бекеттерін жауып, 3 айға ұшуды шектеді.
Кеше Польша Ресей дрондарының әуе кеңістігін бұзуына байланысты Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақыру туралы өтініш жасады. Қазір БҰҰ-да жиынның нақты күні қарастырылып жатыр.