АҚШ-та ұсталған 300 оңтүстік кореялық жұмысшы еліне оралды
АҚШ-та ұсталған 300 оңтүстік кореялық жұмысшы еліне оралды.
Олар Джорджия штатындағы аккумулятор зауытында иммиграциялық рейд барысында қамауға алынған. Себебі Америкада заңсыз еңбек еткен. Оқиға Оңтүстік Кореяда үлкен наразылық туғызды. Тараптар мәселені бір апта келіссөз жүргізіп барып шешті. Ресми Вашингтон жағдайға қатысты әлі ресми түсініктеме берген жоқ.