Қытай ғалымдары қатерлі ісікті емдеудің жаңа әдісін ойлап тапты
Қытайлық ғалымдар қатерлі ісікті нанороботтар арқылы емдеудің тиімді жолын тапты.
Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады. Жаңа жоғары дәлдіктегі технология ісік жасушаларын нақты анықтап, оларды жоюға мүмкіндік береді. Дәрігерлер зақымдалған тері аймағын арнайы инфрақызыл жарықпен сәулелейді. Ғалымдардың айтуынша, бұл тәсіл емдеу тиімділігін арттырады. Лабораториялық жағдайда жүргізілген сынақтар технологияның жоғары тиімділігін көрсеткен.