Бангкокта құтырма дерті өршіп тұр
Таиландқа бет алған жолаушыларға құлаққағыс. Ел астанасында құтырма індеті өршіп тұр, деп хабарлайды 24kz.
«Блумберг» басылымының дерегі бойынша Бангкоктың 9 ауданы мен 2 округінде қауіптің жоғары деңгейі жарияланды. Бұған шаһарда қаңғыбас иттердің қаптауы себеп. Қатерлі дерт 3 бірдей ауданда таралып жатқаны белгілі. Жергілікті билік қала тұрғындары мен қонақтарына иттер мен мысықтарға жоламауға кеңес берді. Құтырма жануардың сілекейі арқылы жұғады. Адамның тыныс алу бұлшықеттері құрысып, жүйке жүйесі бұзылып, сал ауруына шалдығып, өліммен аяқталуы мүмкін.