Макронға импичмент жариялау ұсынылды

Францияда Президент Эмманюэль Макронға импичмент жариялау ұсынылды.

«Қайсар Франция» фракция жетекшісі Матильда Паноның айтуына қарағанда, бұған елдегі наразылық шараларының үдей түсуі себеп. Қарар жобасы Ұлттық Ассамблеяға жолданды. Түпкілікті шешімді осы заң шығарушы орган қабылдайды. Еске салайық, 10-қыргүйекте бүкіл ел аумағында биліктің үнемдеу шараларына қарсы шерулер өткен еді.