Газадан 250 мың адам босып кетті

Израиль армиясы Газа қаласының тұрғындарын күштеп көшіруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Кейінгі күндері шабуыл салдарынан 250 мың адам беті ауған жаққа босып кеткен. Еврей билігі: «Арнайы құрылған дәліз арқылы гуманитарлық аймаққа кетіңдер», - деп ескерту жариялады. БҰҰ-ның дерегі бойынша қазір Газа қаласында 1 млн палестиналық бар. Халықаралық қауымдастық күштеп көшіру гуманитарлық дағдарысты одан бетер ушықтырады деп алаңдайды.

Еске салайық, 17 мамырда еврей елі Газа қаласында ауқымды әскери операциясын бастап кеткен еді. Мұндағы мақсат – ХАМАС ұйымын толық талқандап, секторды түгелдей басып алу. Қазір Израиль анклавтың 75%-ін уысында ұстап отыр.