Газада бір тәулікте 68 адам мерт болды
Газада бір тәулікте 68 адам қаза тапты. Бұдан бөлек, Израиль әскерінің шабуылынан кемі 346 тұрғын ауыр жараланған. Ондаған тұрғын үй қирап, шатырлар жанып кетті. Кейінгі 24 сағат ішінде жергілікті ауруханаларда аштықтың салдарынан тағы екі өлім жағдайы тіркелді. Ал жалпы қақтығыс басталғалы бері Газа секторында 64 871 адам қаза болған.