Әлемде әрбір үшінші студент ChatGPT қолданады

Әлемде жасанды интеллектті жиі қолданатын қауым студенттер екен. Зерттеулерге сәйкес әрбір үшінші студент оқу барысында ChatGPT-ді қолданады, деп хабарлайды 24kz.

Көбіне ол үй тапсырмаларын орындауда көмекші құрал ретінде пайдаланылады. Дегенмен, жастардың көзқарасы әртүрлі. Бір бөлігі жасанды интеллектіні күнделікті тапсырмаларды жеңілдететін мүмкіндік деп бағаласа, енді бірі оны жаңа идеялар мен шабыт алудың көзі ретінде көреді.

Гарвард бизнес мектебі жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес студенттердің 53%-і ЖИ-ді ақпарат алу үшін қолданады. Одан кейінгі жиі қолданылатын бағыт ой бөлісу 51%. Сондай-ақ 31% қолданушы нейрожелі арқылы сурет жасаса, 16%-і әуен шығарады. Ал бағдарламалық код жазу үшін «ақылды» жүйені қолданатындар небәрі 15%.