Израиль Иранның байытылған уран сақтау орнын әшкереледі

Израиль Иран уранын қайда жасырғанын жақсы біледі. The Jerusalem Post басылымының дерегі бойынша еврей барлау қызметі, яғни, «Моссад» құпия ақпаратқа қол жеткізген.

АҚШ пен Израильдің әуе соққысына дейін Ислам Республикасының қорында 440 келі байытылған уран сақтаулы болған. Елдің Сыртқы істер министрі Аббас Аракчидің айтуына қарағанда, оның бәрі шабуылдан кейін қираған ядролық кешеннің астында қалды.

«Мұны қалпына келтіру үшін Тегеранға кемі 2 жыл уақыт керек», - дейді Израиль барлау қызметінің өкілдері. Десе де, Ираннан әлі де қауіптеніп отырса керек. Тіпті Ислам Республикасы ядролық бағдарламасынан бас тартпаса, Израиль қайта соққы беруге даяр.