Қазақстан-БАӘ: Білім беру саласындағы ынтымақтастық аясы кеңейді
Білім беру саласындағы ынтымақтастық аясы кеңейді. Қазақстанның Дубайдағы бас консулдығы жергілікті университеттермен екіжақты байланысты тереңдетіп жатыр.
Бұл жолы америкалық негізде маман даярлайтын жергілікті оқу орындарының бірімен өзара түсіністік жөніндегі меморандум бекітілді. Жаңа келісім аясында университет басшылығы жақын арада елімізге арнайы сапарлап, құзырлы органдармен бірлескен академиялық жобалардың жүзеге асу жайын талқыламақ. Құжатқа қол қою рәсіміне әмірлікте білім алып жүрген бірқатар қазақстандық студенттер қатысты. Олар дипломаттармен жүздесіп, оқу процесінің ерекшеліктерін сөз етіп, алдағы мақсат-міндеттерін жеткізді.
Кайл Лонг, Дубайлық университет басшысы:
- Желтоқсан айында Қазақстанға сапарлап қайтпақпыз. Ол біздің негізгі жоспарымызға енді. Әлбетте сапар барысында талапкерлермен де кездесеміз. Мақсатымыз – қазақ жастарының арасында озық ойлы таланттарды табу. Мұндай ынтымақтастық келешекте бірлескен академиялық бағдарламалардың жүзеге асуына мүмкіндік береді.