G7 елдері Палестинаны қолдайды

Еуропаның тағы екі елі Палестина тәуелсіздігін мойындады. Бұл – Франция мен Бельгия. Осы күнге дейін БҰҰ-ға мүше 198 елдің 152-і Палестина егемендігін мойындаған. Бұл тізімге кеше Үлкен жетілік елдерінің алғашқылары, яғни Канада мен Ұлыбритания да қосылды. Сондай-ақ Аустралия мен Португалия да Палестина мемлекетін құруды қолдады.

Батыс: «ХАМАС Палестина билігіне араласпауға және израильдік тұтқындарды босатуға тиіс», - дейді. Бұдан бөлек, Президент Махмұд Аббас билігі алдағы уақытта жалпыұлттық сайлау өткізуі қажет. «Политико» басылымының дерегі бойынша бүгін БҰҰ бас ассамблеясында Люксембург, Мальта, Андорра Палестинаның егемендігін мойындау туралы қарар қабылдауы мүмкін.