Бедуиндер дабыл қағып жатыр

Иерусалим маңындағы палестиндіктер израилдіктердің қоныстары кеңейіп жатқанына алаң. Джабль-Эль-Баба елді мекеніндегі 80-ге жуық отбасы Израиль билігі мақұлдаған «Е1» жобасы іске асса, далада қаламыз деп қорқады. Малдың арқасында күн көріп отырған олар жайылымның күннен күнге тарылып бара жатқанын айтады. Өткен айда олардың үйлерін бұзу туралы қаулы шыққан. Палестинаның Орталық статистика бюросының мәліметі бойынша бүгінде Батыс жағалау мен Шығыс Иерусалимге 700 мыңға жуық Израиль азаматы қоныс тепкен.