Қытайдың ауыл шаруашылығы әлем бойынша көш бастап тұр

Бүгінде ауыл шаруашылығы секторында жер бетіндегі халықтың 70%-і еңбек етеді. Сала үлесіне ЖІӨ-нің 40%-ке жуығы тиесілі.

Сарапшылар болашақта бұл сектордың маңыздылығы тек арта түсетініне сенімді. Азық-түліктен өзге бұл сала жаһандық нарықты отын, шикізат сынды маңызды тауарлармен қамтамасыз етеді. Ауылшаруашылық өндірісі бойынша қай мемлекеттер көш бастап тұр?

Қытайға жер бетіндегі егіс алқаптарының небәрі 7%-і ғана тиесілі. Соған қарамастан олар әлем халқының 22%-ін азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Ауыл шаруашылығы технологияларын үнемі жаңғыртып, автопарктерді жаңарту шаралары саланың дамуына ықпал етіп отыр. Қытай жұмыртқа, құс еті, жеміс-жидек, көкөніс, астық және мақтаның әлемдегі басты өндірушісі. Елде көкөністердің әлемдік қорының 50% өндіріледі. Халықтың басым бөлігі дәл осы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді.

Үндістанның бау-бақша және мал шаруашылығына әлемдік аграрлық өндірістің 60%-і тиесілі. Соңғы 15 жыл ішінде елдегі ауыл шаруашылығы өндірісінен түскен пайда көлемі 397 млрд-қа жетті. Үндістан сүт, джут талшықтары және бұршақ дақылдарын өндіру бойынша бірінші орында. Сондай-ақ елде мақта өндіру, күріш, қант қамысы, бидай, шай, жержаңғақ өсіру жолға қойылған. Мұнда 76 миллион гектар жер суарылады.

Озық технологияларымен ерекшеленеді. Қуатты ғылыми база мен заманауи құрал-жабдықтар мал азығына қажетті шөп, жүгері, майбұршақ өндірісін ілгерілетіп отыр. Алпауыт елде өсірілетін негізгі дақылдардың қатарына қант қамысы, картоп, кофе, қант қызылшасын жатқызуға болады.

Авторы: Мөлдір Жақан