Нетаньяху Катардан кешірім сұрады
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху
Катар әмірі Тамим бен Хамад әл-Таниге қоңырау шалып, Дохаға жасалған әуе соққысы үшін кешірім сұрады. Бұл туралы Ақ үй хабарлады. 9 қыркүйекте Израиль армиясы ХАМАС жетекшілеріне қарсы Дохада әуе операциясын жүргізген болатын. Нәтижесінде Қатардың егемендігіне нұқсан келіп, қауіпсіздік қызметінің бір қызметкері қаза тапты. Ақ үйдің мәлімдеуінше, Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі кезінде әмірмен сөйлесіп, қайғылы жағдайға өкінішін жеткізген. Ол Израиль тарапынан мұндай әрекет енді қайталанбайтынына уәде берді.