Ауғанстан интернетке тыйым салғанын жоққа шығарды

Ауғанстан билігі интернетке тыйым салынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Ресми мәліметтер бойынша байланыс жүйесіндегі үзілістер ескі талшықты-оптикалық кабельдердің тозуына және оларды ауыстыру жұмыстарына байланысты туындаған. Бұған дейін ақпарат құралдары елде интернет пен байланыс қызметтері тоқтатылғанын хабарлаған еді. Кабул әуежайында кемінде сегіз рейс кешіккен. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, қазір зақымданған желілер қайта қалпына келтіріліп жатыр.