Непалда тасқыннан 52 адам көз жұмды

Непалда су тасқынынан көз жұмғандар саны артып, 52-ге жетті.

Мұнда толассыз жауған жаңбырдан сел жүрген. Бірқатар ауданда өзендер тасып, тұрғын үйлерді су басты. Зардап шеккен аймақтарда құтқару және көмек көрсету шаралары жүріп жатыр. Синоптиктер алдағы бірнеше күнде жауын-шашын жалғасуы мүмкін деп отыр.