Қытай сирек металдарға бақылауды күшейтті
Енді шетелдік компаниялар бұл материалдарды экспорттау үшін Қытай үкіметінен рұқсат алуы керек және олардың нақты қайда, қандай мақсатта пайдаланылатынын дәләлдеуі шарт.
Шектеулер әсіресе әскери салада қолданылатын технологияларға қатысты. «Бұл - АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиеленісінен кейін қолға алынған шара. Әрі Си Цзиньпин мен Дональд Трамптың жоспарланған кездесуі алдында жасалған маңызды қадам», - дейді сарапшылар. Қытай әлемдегі сирек металдардың 60%-ын өндіреді әрі 90%-ын өңдейді.