Мексикада су тасқынынан қаза тапқандар саны 72-ге жетті
Мексикадағы алапат су тасқыны салдарынан опат болғандар саны 72-ге жетті.
Ал 48 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бір апта бұрын елдің орталығында "Присцилла" және "Рэймонд" атты тропикалық дауыл соққан еді. Артынша толассыз жаңбыр жауып, су тасқынына ұласты. Табиғи апаттан Веракрус, Пуэбла, Идальго өңірлері қатты зардап шекті. 500-ге тарта адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір аймақтағы жағдай біртіндеп қалпына келіп жатыр. Бір апта бойы электр желілері істен шыққан еді. Қазір 95 пайызы жөнделді.