Ұшақ апаты: Түркия билігі 20 жауынгердің қазасын растады
Түркия билігі Грузия мен Әзербайжан шекарасына құлаған ұшақ апатынан 20 жауынгердің қаза тапқанын растады. Президент Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, 19 адамның сүйегі табылды.
Тағы бір сарбаздың мәйітін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнынан қара жәшік табылды. Ұшақ шекарадан өткен соң бірнеше минут ішінде радардан жоғалып кеткен. Грузияның әуе навигациясы қызметі апат алды дабыл белгісі болмағанын мәлімдеді.