Үндістанда дәріден көз жұмған бала саны 24-ке жетті

Үндістанда жөтелге қарсы дәріден балалар уланып, көз жұмған бала саны 24-ке жетті.

Тексеріс барысында дәрілік шәрбат құрамында өнеркәсіптік у бары анықталды. Препаратты дайындау барысында 300-ден астам бұзушылыққа жол берілгені белгілі болды. Салдарынан балалар бүйрек ауруына шалдыққан. Дәріні қабылдағандардың барлығы дерлік бес жасқа дейінгі бүлдіршін. Қазір өндіруші компанияның иесі қамауға алынды. Елдегі қоймалар мен дәріханалардағы қауіпті дәрі тәркіленіп, тыйым салынған препараттар тізіміне енгізілді.