Таиландта тасқыннан эвакуация басталды

Таиландтың оңтүстігінде толассыз жауған жаңбыр су тасқынына ұласты. Хатъяй ауданы толықтай су астында қалды. Тасқыннан жолдарды су шайып кеткен. 

Табиғи апатқа байланысты өңірде төтенше жағдай жарияланған. Жүзден астам елді мекенде тұрғындарды шұғыл эвакуациялау жұмыстары басталды. Аймақта көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.