Ұлыбританияда салық саясаты қайта қаралады
Ұлыбританияда салық саясаты қайта қаралады. Қаржы министрлігінің мәліметіне қарағанда мемлекетке бюджет тапшылығын жабу үшін 30 миллиард фунт қажет.
Алайда Үкімет негізгі салық мөлшерлемесіне тиіспейді. Салық өзгерістері дивиденд, капитал өсімі, жылжымайтын мүлік және ұлттық сақтандыру жүйесіне қатысты болмақ. Қазынашылық канцлері Рэйчел Ривздің айтуына қарағанда шығындарды қысқартпаса және салықты көбейтпесе, мемлекет дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Биыл Ұлыбритания экономикасы дамыған елдер арасында қарызы ең көп мемлекет атанды. Көрсеткіш шамамен 3 триллион фунтқа жеткен.