Индонезияда су тасқынынан 13 адам қаза тапты

Индонезияда су тасқынынан он үш адам опат болды. Тағы алты тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Елде бірнеше күн қатарынан төпелеп жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласқан. 

Синоптиктер өңірде жауын түсу ықтималдығы әлі де жоғары деп отыр. Қазір екі мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.