Индонезияда көшкіннен 250 адам опат болды

Индонезияда су тасқыны мен көшкін салдарынан опат болғандар саны 250-ге жетті. Тағы 79 адам із-түссіз жоғалған. 

Қираған жолдар іздестіру-құтқару жұмыстарын қиындатып отыр. Биік жотадан аққан лай мен тастардың астында қалып қойған адам көп. Апат аймақтарына көмек тікұшақ арқылы жеткізіліп жатыр.