Таиландта тасқыннан 3 млн адам зардап шекті

Тайландтың оңтүстігі де су тасқынынан қатты зардап шекті. Бұл елде табиғат апатынан 162 адам көз жұмды. 

Ең көп шығын Сангкхла провинциясында тіркелді. Онда 126 адам опат болды. Жалпы тасқыннан 3 миллионнан астам тұрғын жапа шекті. Тоғыз провинцияны су басып, мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілген. Кей аудандарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек тікұшақпен жеткізіліп жатыр.