Оңтүстік Африкада атыстан 11 адам қаза тапты

Оңтүстік Африка Республикасында болған атыс салдарынан 11 адам мерт болды.

Тағы 14 адам ауыр халде емханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға Преторияның батысындағы хостелде тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, кемінде үш қарулы адам ғимаратқа баса-көктеп кіріп оқ жаудырған. Қылмыстың нақты себебі әзірге белгісіз. Полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр.