Жапонияда жер сілкінді
Жапонияның солтүстік-шығысында магнитудасы 7,2 баллдық жер сілкінісі болды. Жер дүмпулері Аомори префектурасының жағалауында тіркелген. Ошағы 50 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жер сілкінісі биіктігі 40 сантиметрге жететін цунамиге ұласты. Құзырлы органдар толқын алдағы уақытта үш метрге дейін жетуі мүмкін деп ескертіп отыр. Билік өкілдері тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге дайындықты бастап кетті.