Сиднейде атыстан 15 адам қаза тапты
Сидней қаласындағы жаппай атыстан 15 тұрғын қаза болды.
Тағы 40-қа жуық азамат жараланды. Қайғылы оқиға Бонди жағажайында еврейлердің Ханука мерекесін тойлау кезінде болды. Австралия премьер-министрі Энтони Альбанезе мұны еврей халқына қарсы жасалған лаңкестік әрекет деп атады. Оқиға орнына жеткен полицейлер қаскөйдің бірін атып өлтіріп, екіншісін жаралады. Елде аза тұту жарияланып мемлекеттік тулар төмен түсірілді.