Volkswagen Германиядағы зауытын жабады

Германияның ірі автоконцерні Volkswagen алғаш рет ел аумағындағы зауыттарының бірін жабу туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлады. Мұндай қадамға Еуропа мен Қытай нарықтарындағы сұраныстың төмендеуі, сондай-ақ АҚШ тарапынан енгізілген импорттық тарифтер себеп болған. Бұған дейін Volkswagen Германиядағы он зауытының үшеуін жабуды жоспарлаған. Соның салдарынан елде шамамен 35 мың жұмыс орны қысқартылуы мүмкін.