Израиль Мысырға газ жеткізеді
Израиль Мысырға 35 миллиард доллар көлеміндегі қаражатқа табиғи газ жеткізеді. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді.
Ол қол қойылған мәмілені қос ел тарихындағы ең ірі келісім деп атады. Табыстың жартысы Израильдің бюджетіне түседі. Келіссөзге америкалық Chevron компаниясы, сондай-ақ израильдік серіктестер қатысты. Сарапшылар бұл келісім елдің аймақтағы энергетикалық көшбасшы ретіндегі орнын сақтап, Таяу Шығыстағы тұрақтылыққа ықпал етеді деп есептейді.